ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ӨҢІРДЕГІ ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ
Атырау облысында 29 қарашаға белгіленген мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық барысы тексерілді. Өңірге жұмыс сапарымен ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров келді. Ол бірнеше сайлау учаскесін аралап, әзірлік жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесті.