АТЫРАУДА ЖАҢА МАММОГРАФИЯ КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ
Атырау қалалық №2 емханада жаңа маммография кабинеті ашылды. Заманауи цифрлық құрылғы әйелдер денсаулығын тексеріп, сүт безі ауруларын ерте анықтауға мүмкіндік береді. Медицинаны цифрландыру аясында іске қосылған кабинет тұрғындар үшін диагностикалық қызметтің қолжетімділігін арттырмақ.