«ДАҒДЫДАН ДЕРБЕСТІККЕ»: ЕРЕКШЕ ЖАСТАР КӘСІП МЕҢГЕРУДЕ
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар 28 жасөспірім мен жас оқу-өндірістік комбинатта кәсіби мамандықтарды меңгеріп жүр. Олар наубайшы, кондитер және тігінші ісін үйренуде. Жобаға қатысушылар бүгінгі басқосуда өздері әзірлеген бұйымдар мен тағамдарды таныстырып, кәсіби дағдыларын көрсетті.