ЖОЛДАУ - 2026: КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУДЫҢ ЖАҢА ТЕТІКТЕРІ
Шағын және орта бизнес – ел экономикасының қозғаушы күші. Бүгінде оның жалпы ішкі өнімдегі үлесі 40 пайызға жетті. Мемлекет басшысы өз Жолдауында кәсіпкерлікті одан әрі дамыту, бақылау-қадағалау жүйесін жетілдіру және әкімшілік кедергілерді азайту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап микро және шағын бизнеске үш жылдық мораторий енгізуді ұсынды. Бұл бастама өңір кәсіпкерлеріне қандай мүмкіндік бермек? Әріптесім Айзада Ғабит айтып береді.