С. ӨТЕБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ СӘН ИНДУСТРИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Атырауда алғаш рет Kazakhstan Fashion Week сән апталығы өтеді. Іс-шара аясында С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде баспасөз конференциясы ұйымдастырылды. Жиында өңірдегі сән индустриясын дамыту, жергілікті дизайнерлерді қолдау және ұлттық қолөнерді заманауи бағытта дәріптеу мәселелері сөз болды.