БИЫЛ 158 АТЫРАУЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ ИЕЛЕНДІ
Облыста әлеуметтік осал топтағы азаматтарға кәсіп бастауға қолдау көрсету жұмыстары жалғасуда. Биыл 158 тұрғын жалпы сомасы 273 миллион теңгеден асатын мемлекеттік грантқа ие болды. Қайтарымсыз қаржы түрлі бағыттағы бизнес-жобаларды жүзеге асыруға бағытталған. Грант иегерлері мен бағдарлама талаптары туралы әріптесім Индира Мерекенқызы тарқатсын.