МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ: ЖАҢА МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қызылқоға ауданында мемлекеттік тіл саясаты мен ұлттық ономастика мәселелеріне арналған облыстық семинар-кеңес өтті. «Мемлекеттік тіл саясаты және ұлттық ономастика: жаңа талаптар мен нақты міндеттер» тақырыбын арқау еткен жиында саладағы өзекті мәселелер мен алдағы міндеттер талқыланды. Сондай-ақ аудан аумағындағы тарихи жер-су атауларын зерттеу жұмыстарының нәтижелері таныстырылды.