ОБЛЫСТА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 7 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Облыста денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасуда. Қазір өңірде 10 медициналық нысанның құрылысы жүріп жатыр. Оның жетеуін жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Сонымен қатар алдағы уақытта тағы 11 нысанның жобасы әзірленбек. Жаңа нысандар өңірдегі медициналық қызмет сапасы мен қолжетімділігіне қалай әсер етпек? Айзада Ғабит тарқатады.