МҰНАЙ-ГАЗ ХИМИЯСЫ ӨНЕРКӘСІБІНЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ӘЗІРЛЕНУДЕ
Қазақстанда мұнай-газ химиясы өнеркәсібі туралы заң жобасы әзірленіп жатыр. Осыған байланысты Құрылтай депутаттары мен министрлік өкілдерінен құралған жұмыс тобы Атыраудағы ірі өндіріс кешендерінің біріне барды. Кездесу барысында кәсіпорынның жұмысымен танысып, сала өкілдерінің ұсыныстары тыңдалды.