«КҮМІС ЖАС»: 37 АДАМ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ
Жыл басынан бері «Күміс жас» бағдарламасы аясында Атырауда 37 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Жоба 50 жастан асқан азаматтарды еңбекпен қамтуға бағытталған. Бағдарламаға қатысу мерзімі – 3 жыл. Осы кезеңде жұмыс берушілерге қызметкерлер жалақысының бір бөлігі мемлекет тарапынан субсидияланады. Жобаның шарттары мен нәтижелері туралы әріптесім Индира Мерекенқызы тарқатады.