«VOLUNTEER TALKS»: БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР БАС ҚОСТЫ
Биыл Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен Халықаралық волонтерлер жылы аталып өтуде. Осыған орай Атырауда «Volunteer Talks» атты мотивациялық кездесу өтті. Басқосуға жүзден астам жас қатысып, республикалық деңгейдегі спикерлердің тәжірибесімен танысты. Шара барысында волонтерлік бастамаларды дамыту, жастардың белсенділігін арттыру және жаңа жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.