Негізгі АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Қазақстан» Республикалық телерадикорпорациясы» акционерлік қоғамы Атырау облыстық филиалының 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған

Қазақстан Республикасы Мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысатын партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың, сондай-ақ өзін-өзі ұсыну тәсілімен қатысатын азаматтардың сайлауалды үгіт материалдарын Теле-, радиоарна эфирінде орналастырудың жалпы шарттары


«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы Атырау облыстық филиалының (бұдан әрі - Филиал) «Atyraý» аймақтық телеарнасы және «Atyraý» радиосы (бұдан әрі - Теле-, радиоарна) сондай-ақ https://atyrautv.kz/kaz/ ресми сайты атынан, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес, сайлауалды үгіт материалдарын (бұдан әрі – Үгіт материалдары) Теле-, радиоарналарда орналастыру шарттары мен тәртібі, төлем мөлшері туралы хабарлайды.

Теле-, радиоарна Филиал мен 1) Қазақстан Республикасы Мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған және тіркеген Саяси партия арасында немесе Саяси партияның уәкілетті өкілі арасында (бұдан әрі – Саяси партия); 2) бірмандаттық аумақтық сайлау округтер бойынша сайланатын Кандидатпен немесе Кандидаттың уәкілетті өкілі арасында (бұдан әрі - Кандидат) жасалатын жазбаша шарт негізінде Үгіт материалдарын орналастырады. Сонымен қоса Теле-, радиоарнада Үгіт материалдарын орналастыру Теле-, радиоарна бекіткен монтаждау парақтарына сәйкес жүзеге асырылады, ал монтаждау парақтары жазбаша өтініш берілген күні Теле-, радиоарнада бар техникалық мүмкіндіктерге сәйкес, яғни Теле-, радиоарнаның эфирлік уақытының жоспарлы уақыт аралығында жарнаманың болуына және/немесе болмауына қарай, Үгіт материалдарының эфирге жоспарлы шығуына дейін күнтізбелік 3 (үш) күн бұрын әзірленеді.

Теле-, радиоарналарында эфирлік уақыт беру төмендегі Үгіт материалдарын орналастыру жолымен жүзеге асырылады:

1) қазақ және орыс тілдерінде хронометражы 10 (он) секундтан кем емес және 60 (алпыс) секундтан аспайтын аудио және бейнероликтер;

2) бейнематериалдар (арнайы репортаж);

3) өзге де Үгіт материалдары.

Саяси партияның/Кандидаттың не болмаса оның уәкілетті өкілінің Филиал басшысының атына жазған жазбаша өтініші Үгіт материалдарын орналастыру туралы шарт жасау үшін негіздеме болып табылады.

Үгіт материалдарының саны, хронометражы, орналастыру жоспарланған күн мен уақыт Саяси партияның/Кандидаттың не болмаса оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, кейіннен олар шарт талаптарымен бекітіледі.

Өтініш Саяси партиялардың/Кандидаттардың өтініштерін тіркеу журналында, кезектілік тәртібімен, әр жазбаша өтінішке реттік нөмір тағайындау және өтініштің келіп түскен күнін белгілеу жолымен тіркеледі.

Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуі керек:

1) Саяси партияның партиялық тізімінің/Кандидаттың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

2) Саяси партия/Кандидаттың өкілінің уәкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;

3) өтініш берген тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;

4) шарт жасау үшін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар.

Теле-, радиоарна эфирінде Саяси партиялардың/Кандидаттардың Үгіт материалдарын орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен не болмаса, егер өтініштер бір уақытта келіп түскен жағдайда, жеребе бойынша белгіленеді. Жеребе өткізу тәртібі мен шарттарын Филиал белгілейді.

Егер жазбаша өтініш келіп түскен сәтте, сұратылып отырған уақыт ертерек жүгінген басқа Саяси партияға/Кандидатқа берілген болса немесе техникалық мүмкіндіктерге байланысты берілуі мүмкін болмаса Филиал Теле-, радиоарнаның техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, Саяси партияға/Кандидатқа үгіт материалдарын орналастыру үшін басқа уақыт ұсынады.

Үгіт материалдары Теле-, радиоарнада эфирге жоспарлы шығуына дейін кем дегенде күнтізбелік 3 (үш) күн бұрын ұсынылуы тиіс.

Үгіттік аудиовизуалдық материалдар (бейнероликтер) DVCPRO HD немесе XDCAM HD 50 Мбит/сек кодталған форматта, profile 4:2:2, секундына 25 кадр, HD стандартындағы кадр өлшемімен, өрістету түрі interlaced, өрістерді құру жолы: үстіңгі бірінші өріс (top field first) кадрдың қатынасы 16:9, біріктірілген дыбыспен және көрсетілген тайм-кодпен ұсынылады. Аудиосүйемелдеу келесі объективті және субъективті техникалық талаптарға сәйкес болуы тиіс: серпінді диапазон кемінде 40 дБ; жиіліктік диапазон кемінде 20 Гц – 20000 Гц; студиялық жазбада бейсызықтық бұрмалау коэффициенті 1 %-дан артық емес; сигналдың акустикалық ревербациясы («жаңғырық») болмауы тиіс; сөйлеу 100% анық болуы тиіс; жазбада бөтен дыбыстар, шулар, кедергілер естілмеуі тиіс; 1-2 дыбыс жолақтары үшін түйістірілген дыбыс (оң және сол дыбыс жолақтары қайталануы тиіс) қажет; 3-4 дыбыс жолақтары үшін ажыратылған дыбыс қажет.

Үгіт материалдары сыртқы тасымалдағыштарда (қатты диск, флеш-карта) беріледі.

Электрондық тасымалдағышпен бірге Үгіт материалдарын орналастыру туралы шартқа қол қоюға уәкілетті тұлғаның қолы қойылған, Үгіт материалының мазмұны болып табылатын мәтіннің түсіндірмесі, суреттері Үгіт материалдарында пайдаланылған тұлғалардың жазбаша рұқсаттары, ал олар қайтыс болған жағдайда – мұрагерлерінің жазбаша рұқсаттары, жарнамалық материалдарда кәмелетке толмаған балалардың суреттері пайдаланылған жағдайда – ата-аналарының, қорғаншыларының, қамқоршыларының жазбаша рұқсаттары беріледі.

Үгіт материалдарында олардың төленуі, қаржыландыру көздері туралы дыбыстық немесе визуалды ақпарат болуы тиіс.

Үгіт материалдарын ұсынған Саяси партиялар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, соның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнамаға сәйкес болуына дербес жауапты болады.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген тәртіп пен талап бұзылған жағдайда, сондай-ақ тиісті шарт талаптары бұзылған кезде Үгіт материалдарын эфирге шығару жүргізілмейді не болмаса бұзушылық жойылғанға дейін тоқтатылады.

Егер үгіт материалдарында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негіздерін күштеп өзгерту, оның аумақтық тұтастығына, егемендігі мен тәуелсіздігіне қол сұғу, қоғамдық тәртіпті бұзу, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіру, соғысты, қарулы қақтығыстарды, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, этностық немесе діни үстемдікті не алауыздықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттау идеялары, сондай-ақ осындай әрекеттерді жасауға шақырулар қамтылған болса, Филиал оларды орналастырудан бас тартады.

Филиал Үгіт материалдарында Қазақстан Республикасы Мәслихаттар депутаттығына басқа да кандидаттардың арына, намысына немесе іскерлік беделіне зиян келтіруі мүмкін ақпарат болған жағдайда оларды орналастырудан бас тартуға құқылы.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген Үгіт материалдарын орналастыру тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасы уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.

          Теле-, радиоарналарда Үгіт материалдарын орналастыру құны және тілі

№Теле-, радиоарна атауыОрналастыру түріОрналастыру тілі1 минуттың құны, теңгеде, соның ішінде ҚҚС
1«Atyraý»БейнероликтерҚазақ, орыс18 900
2«Atyraý»Бейнематериал дайындау және орналастыру (арнайы репортаж)Қазақ, орыс16 000
3«Atyraý»АудиороликтерҚазақ, орыс2 200

*Қосымша жеңілдіктер қарастырылмаған


Орналастыру құны Теле-, радиоарнаның барлық қолжетімді хабар тарату орталарында (эфирлік аналогтық, эфирлік цифрлық, жерсеріктік, сондай-ақ кабельдік операторлар арқылы) трансляциялауды және ретрансляциялауды қамтиды.

Жасалған шарт бойынша Теле-, радиоарнада Үгіт материалдарын таратқаны үшін төлем жасау Филиал ұсынған төлем шоты негізінде, шот берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Филиал жазбаша өтініштерді 2026 жылғы 27 қазаннан бастап, 2026 жылғы 25 қарашаны қоса алғандағы мерзімге дейінгі аралықта, сағат 10:00 бастап сағат 18:00 дейін (жергілікті уақыт бойынша), (үзіліс уақыты – сағат 13:00 бастап сағат 14:30 дейін), төмендегі мекенжай бойынша қабылдайды:

 «Atyraý» теле-, радиоарнасына орналастыру үшін Атырау қ., Ж.Молдағалиев көш., 29 в.

Жазбаша өтініштер факсимильдік және Интернет байланыс арқылы қабылданбайды.


                             «Қазақстан» Республикалық телерадикорпорациясы» акционерлік қоғамы Атырау облыстық филиалының