«БЕС БІЛЕЗІК»: АТЫРАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЗЕРГЕРЛІК КӨРМЕ ӨТТІ
Өңірде «Бес білезік» атты республикалық симпозиум-көрме өтті. Көрмеге еліміздің әр өңірінен келген 8 зергердің қолынан шыққан ұлттық әшекей бұйымдар қойылды. Шараны Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі облыстық мәдениет басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды. Негізгі мақсат – дәстүрлі зергерлік өнерді дәріптеп, шеберлердің шығармашылығын көпшілікке таныстыру.