МАХАМБЕТТІКТЕР ЖОЛДАУ МІНДЕТТЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Махамбет ауданында да Президент Жолдауында айқындалған міндеттер кеңінен талқыланды. Ақпараттық-түсіндіру тобының өкілдері шаруашылық ұжымымен және жергілікті тұрғындармен кездесіп, ауыл шаруашылығын дамыту, су ресурстарын тиімді пайдалану және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту мәселелерін көтерді. Кездесу барысында тұрғындар білім беру нысандарының, атап айтқанда, мектептер мен балабақшалардың жағдайына қатысты өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.