Атыраулық дзюдошылар Азия чемпионатынан жүлдемен оралды. Иорданияның Амман қаласында өткен жарыста жерлестеріміз үш медаль иеленді. 66 келі салмақта Ролан Қайырғали чемпион атанса, 63 келіде Дәмеля Асылханова күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал 70 келіде Шынар Бітімбай қола медаль еншіледі. Спортшыларды туған жерінде жақындары, бапкерлері мен спорт жанашырлары әуежайдан салтанатты түрде қарсы алды.