Қазақстанда зейнетақы жинағына қатысты жаңа мүмкіндіктерге қызығушылық артып келеді. Соның бірі - азаматтарға белгіленген зейнет жасын күтпей-ақ, төлем алуға мүмкіндік беретін зейнетақы аннуитеті.
Бұл жүйе арқылы азамат Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинағының бір бөлігін өмірді сақтандыру компаниясына аударады. Ал компания келісімшартқа сәйкес оған ай сайын төлем жасап отырады. Облыста бұл мүмкіндікті 10 мыңға жуық адам пайдаланып үлгерген. Зейнетақы аннуитетін кімдер рәсімдей алады және оған қандай талаптар қойылады? Толығырақ бейнесюжетте.