Алаяқтардың айласы күн сайын түрленіп келеді. Көбіне олар өздерін банк қызметкері, мемлекеттік орган өкілі ретінде таныстырып, SMS арқылы келген кодты немесе жеке мәліметтерді сұрайды. Кейде тиімді ұсыныс жасағандай болып, шұғыл ақша аударуға көндіруге тырысады. Мұндай қоңыраулардың алдын алу үшін Атырау облысында арнайы жүйе іске қосылды. Ол күмәнді әрекеттерді анықтап, тұрғындарды телефон алаяқтарынан қорғауға бағытталған. Жаңа жүйе қалай жұмыс істейді және алғашқы нәтижесі қандай? Толығырақ тілші материалында.