Қазақстанда мемлекеттік рәміздерді қолдануға қатысты жаңа талаптар енгізілді. Енді Мемлекеттік Туды жарнамаға айналдыруға және оны коммерциялық мақсатта пайдалануға болмайды.Үкімет бекіткен жаңа ережелерге сәйкес, көк ту бейнесін орынсыз қолдануға, сондай-ақ рәміздер бейнеленген күнделікті тұрмыстық заттарды шығаруға шектеу қойылды. Жаңа талаптар 13 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енді. Толығырақ сюжеттен көрейік.