Атырауда көлік қозғалысын жеңілдетіп, транзиттік ағынды қала сыртына бағыттайтын Солтүстік айналма жолдың құрылысы қарқын алды. Жалпы ұзындығы 27,5 шақырым болатын жоба үш кезең бойынша жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда бірнеше учаскеде жол негізін дайындау, көпір салу және асфальт төсеу жұмыстары қатар жүргізіліп жатыр. Жаңа жолдың құрылысы қалай жүріп жатыр және оның қала үшін маңызы қандай? Толығырақ келесі сюжетте.