Қалада бүгінде 45 су бұрқақ жүйелі түрде жұмыс істеп тұр. Оларды күтіп ұстауға жергілікті бюджеттен 278 миллион теңге бөлінген. Аптап ыстықта субұрқақ маңы тұрғындар үшін демалатын ең қолайлы орындардың біріне айналады. Алайда мамандар мұндай нысандардың шомылуға немесе балалардың ойнауына арналмағанын ескертеді. Себебі су бұрқақтарда электр жүйелері, сорғы қондырғылары мен жарықтандыру жабдықтары бар. Сондықтан қауіпсіздік ережесін сақтамау қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Толығырақ Асылан Мәліктің сюжетінде.