Атырау мұнай өңдеу зауытының маңындағы санитариялық-қорғау аймағына кірген тұрғын үйлер көшіріледі. Жаңа шекараның бекітілуі осы аумақта орналасқан нысандарды анықтап, көшіру жұмыстарын бастауға мүмкіндік береді. Алдын ала мәлімет бойынша, санитариялық-қорғау аймағына 80-ге жуық тұрғын үй кірген. Сонымен қатар зауыт айналасында «жасыл белдеу» құру жобасы әзірленіп жатыр. Толығырақ сюжеттен көрейік.