Облыста балалардың терезеден құлау жағдайлары әлі де азаймай отыр. Жыл басынан бері өңірде осындай 20 дерек тіркелген. Мамандардың айтуынша, мұндай қайғылы оқиғалардың басым бөлігі ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыруынан орын алады екен. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін нені ескеруі керек? Қандай қауіпсіздік шараларын сақтау қажет? Ақтоты Өркешбаеваның сюжетінен көрейік.