Бүгінде цифрлық технологиялар күнделікті өмірдің маңызды бөлігіне айналды. Мемлекеттік қызметтер де электронды форматқа көшіп, көптеген жұмыс онлайн жүйелер арқылы атқарылып келеді. Алайда цифрлық мүмкіндіктер артқан сайын киберқауіптер де көбейіп отыр. азір ақпараттық қауіпсіздік жүйелері мемлекеттік ресурстарды тәулік бойы бақылауда ұстайды. Жыл басынан бері облыс әкімдігінің ақпараттық жүйелеріне зиянды бағдарламалардың енуіне бағытталған 100-ге жуық әрекет тіркелген. Мамандардың айтуынша, олардың барлығы дер кезінде анықталып, жүйелерге зиян келтірмей тұрып бұғатталған.