Бөліп төлеу қызметін пайдаланушылар саны соңғы жылдары көбейген. Қазір телефон, тұрмыстық техника, жиһаз сияқты ірі заттардан бөлек, күнделікті қажетті тауарларды да бірнеше айға бөліп төлеуге болады. Бір қарағанда бұл сатып алуды жеңілдететін мүмкіндік сияқты көрінеді. Алайда мамандар мұндай шешімді қабылдамас бұрын, оның барлық шартын мұқият қарап, қаржылық мүмкіндікті алдын ала есептеуге кеңес береді. Ал бөліп төлеудің тиімді тұстары мен ескеретін қауіптері қандай? Бұл туралы қаржы мамандары не дейді?