Соңғы жылдары дәрумендер мен биологиялық белсенді қоспаларға сұраныс күрт артқан. Әсіресе әлеуметтік желілерде магний, D дәрумені, темір секілді қоспалар кеңінен жарнамаланып, оларды дәрігердің кеңесінсіз қабылдайтындар көбейген. Бірақ мұндай қадамның денсаулыққа зияны болуы мүмкін бе? Дәрумендерді өз бетінше қабылдау қаншалықты дұрыс? Мамандар бұл туралы не дейді? Тілшіміз анықтап көрді.