Өңірде құрылыс нысандарын салу кезінде жасыл желекті сақтауға басымдық беріліп келеді. Соңғы жылдары кейбір жобаларда көп жылдық ағаштар кесілмей, керісінше ғимарат құрылысы сол ағаштарды сақтап қалатындай етіп жоспарлануда. Табиғатты қорғауға бағытталған мұндай бастамалар қаладағы экологиялық мәдениетті дамытуға ықпал етпек.