Қазақстан мен Ресейдің бірлескен тарихи-мәдени экспедициясы Атырауға жетті. Биыл дәстүрлі жобаға 30 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде экспедиция Жайық өзенінің экологиялық жағдайын зерттеп, табиғи және тарихи мұрасын насихаттауға, сондай-ақ екі елдің шекаралас өңірлері арасындағы ынтымақтастықты дамытуға үлес қосып келеді. Мерейтойлық сапар аясында мамандар өзеннің бүгінгі ахуалын талқылап, оны сақтауға бағытталған ортақ бастамаларды қарастырды.