Атырауда отбасы институтын нығайту мәселелері талқыланған республикалық форум ұйымдастырылды. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов, әр өңірден келген сарапшылар , қоғам өкілдері мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып, қазіргі қоғамдағы отбасының рөлі, бала тәрбиесі және демографиялық мәселелер жөнінде пікір алмасты.