Облыста жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жаңа жоба іске қосылды. Енді жүргізушілер арнайы QR-код арқылы жолдағы қауіпті учаскелер мен бұрын тіркелген жол-көлік оқиғалары туралы ақпарат ала алады. Бүгінде мұндай кодтар 100-ден астам жүргізушіге таратылып, республикалық маңызы бар тас жолдар бойындағы дәмханалар мен жанармай құю бекеттеріне орналастырылуда.QR-код жүргізушілерге қандай ақпарат береді? Бұл бастама жол апаттарының алдын алуға қаншалықты тиімді? Толығырақ Асылан Мәлік айтады.