Сафи Өтебаев атындағы мұнай және газ университетінің базасында ашылған И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің филиалында талапкерлерді қабылдау емтиханы басталды. Жоғары білім алуға ниетті түлектер математика және орыс тілі пәндері бойынша жазбаша сынақ тапсыруда. Биыл филиалға 100 білім беру гранты бөлінген. Білім мүмкіндігін пайдалануға еліміздің әр өңірінен талапкерлер келген. Олардың 90 пайызға жуығы – жергілікті түлектер.