Аймақта білім беру нысандарын жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Биыл өңірдегі 6 мектеп жаңартылып, пайдалануға берілді. Қазір 5 білім ошағында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында мектеп ғимараттары жаңартылып, инженерлік жүйелер, оқу кабинеттері мен қосымша нысандардың жағдайы жақсартылады. Жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталып, мектептер жаңа оқу жылына дайын бола ма? Тілші тарқатады.