Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Атырау қаласында заманауи цифрлық жүйелер кеңінен енгізіліп жатыр. Алдағы уақытта қала аумағына 3 700 бейнебақылау камерасы орнатылмақ. Бұл бағыттағы жұмыстардың барысымен танысу үшін облыстық полиция департаменті БАҚ өкілдеріне арнайы пресс-патруль ұйымдастырды. Іс-шараға тілшіміз Лаура Кисметова да қатысып, заманауи қауіпсіздік жүйелерінің жұмысымен танысып қайтты.