Өңірде заңсыз балық аулауға қарсы күрес күшейтілді. Жыл басынан бері балық қорғау қызметкерлері 1391 құқық бұзушылықты анықтап, тәртіп бұзған азаматтарға 22,5 миллион теңге көлемінде айыппұл салған. Сонымен қатар заңсыз айналымнан 3 тоннадан астам балық тәркіленген. Балық қорын сақтау бағытындағы алдын алу шаралары жөнінде Асылан Мәліктің сюжетінде.