Атырауда «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының облыстық кезеңі өтті. Шараға 50-ге жуық жергілікті өндіруші қатысып, өз өнімдері мен жетістіктерін көпшілік назарына ұсынды. Өңірлік кезеңде жеңімпаз атанған кәсіпорындар облыс намысын республикалық деңгейде қорғайтын болады.