Атырауда арнайы мақсаттағы бөліністер арасында өткен IV республикалық тактикалық көпсайыс турнирі аяқталды. ҚР Ішкі істер министрінің ауыспалы Кубогы үшін өткен жарысқа полиция мен Ұлттық ұланның арнайы жасақтары қатысып, кәсіби шеберліктерін сынға салды. Ауқымды турнирге ІІМ-нің «С» қызметі, Ұлттық ұланның арнайы мақсаттағы бөлімдері, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен барлық облыстық полиция департаменттерінің арнайы жасақтары қатысты.