Атыраулық садақшылар халықаралық турнирде топ жарды. Дәстүрлі садақ атудан ҚР ұлттық құрамасы Түркия Республикасының Ыстамбұл қаласында өткен халықаралық «Fetih Kupası» турнирінде ел абыройын асқақтатып, жалпы командалық есепте жеңімпаз атанды. Ел мерейін үстем еткен садақшыларды туған жерге оралған сәтінде әуежайдан жақындары мен жанкүйерлері күтіп алып, ыстық ықылас танытты.