Қазақстанда 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына шектеу енгізуді көздейтін заңнамалық өзгерістер талқыланып жатыр. Егер бұл бастама қолдау тапса, мыңдаған жасөспірімнің күнделікті өміріне әсер етуі мүмкін. Бір тарап мұны балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді жолы деп есептесе, енді бірі ақпарат пен қарым-қатынас мүмкіндігін шектейді деп алаңдайды. Сонда әлеуметтік желілерден уақытша шектеу қою жастарға пайда әкеле ме, әлде жаңа мәселелер туындата ма? Тақырыпты әріптесім Лаура Кисметова тарқатады.