Атырау жастар театры көрерменге кезекті премьерасын ұсынды. Бұл жолы театр сахнасында қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтің "Қаралы сұлу" әңгімесі жаңаша интерпретацияда көрініс тапты. Премьераға жиналған көрермендер залы лық толып, қойылым басталған сәттен-ақ ерекше атмосфераға енді.