Сондай-ақ, жаз мезгілі басталысымен балалардың бос уақыты едәуір артады. Бірі демалыс лагерьлеріне жол тартса, енді бірі аулада ойнап, уақыт өткізеді. Дегенмен көшеде, әсіресе түнгі уақытта қараусыз жүрген жасөспірімдер де аз емес. Сауда жасап жүрген немесе компьютерлік клубтарда уақыт өткізетін балаларды да жиі кездестіруге болады. Ал олардың қауіпсіздігі қаншалықты қамтамасыз етілген? Жасөспірімдерді түрлі қауіп-қатерден қалай қорғаймыз? Сюжеттен көрейік.