Мектеп бітіруші түлектер үшін қазір ең жауапты кезеңдердің бірі. Олар Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалып қана қоймай, болашақ мамандығын да айқындауда. Өйткені бүгінгі таңдауы олардың ертеңгі өмір жолына тікелей әсер етеді. Бірі бала күнгі арманын жүзеге асыруды мақсат етсе, енді бірі еңбек нарығында сұранысқа ие салаларды таңдауға басымдық береді екен.