Облыстық маңызы бар «Атырау-Индер» күре жолын жөндеу жұмысы маусым айында аяқталады. Мердігердің жауапсыздығынан 3 жылға созылған құрылысын жаңа мекеме мәреге жеткізбек. Жалпы, биыл Атырау облысының 51 елді мекенінде 320 шақырымға жуық автомобиль жолы жөнделуі тиіс. Өңірді дамыту бағдарламасы аясында өңірде 91 әлеуметтік жоба қолға алынған болатын. Оның ішінде республикалық маңызы бар Атырау-Орал тас жолын қайта жаңғырту жобасы бар. Сондай-ақ, облысішілік «Миялы-Сағыз» бағытындағы жолға жаңа асфальт төселіп жатыр