Жыл басынан бері облыс халқы 1791 адамға көбейді. Қазір өңірде 718 мыңға жуық тұрғын бар. Алайда демографиялық көрсеткіштерде алаңдататын мәселелер де байқалады. Мамандардың айтуынша, туу көрсеткіші төмендеп, өлім-жітім артқан. Сонымен қатар облыстан көшіп кеткендердің саны келгендерден көп. Толығырақ сюжеттен көрейік.