Облыста электр энергиясына деген сұраныс жылдан жылға артып келеді. Соңғы бес жылда өңір халқы шамамен 58 мың адамға көбейіп, бүгінде 717 мыңнан асқан. Бұл өз кезегінде энергетика саласына қосымша жүктеме түсіріп отыр. Осы мәселені шешу және өңірді елдің Бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне қосу мақсатында бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Солардың бірі – қуаты 500 кВ болатын жаңа қосалқы станцияның құрылысы. Аталған жоба нақты қандай нәтиже береді? Арнайы ұйымдастырылған пресс турға қатысып келген әріптесім Лаура Кисметова айтып береді.