Құрманғазы ауданында биылғы мектеп түлектері арасында ерекше жағдай тіркелді. Аудан бойынша мектеп бітірген 625 оқушының 85-і – егіз түлек. Солардың қатарында Еңбекші жалпы орта мектебінің түлектері Тайыр Нұрлы мен Тайыр Назылы да бар. Бір-біріне қатты ұқсайтын қос қыз бүгінде үлкен өмірге қадам басуға дайын.