Өңірде теннис спортына қызығушылық артып келеді. Соңғы жылдары бұл спорт түрімен айналысуға ниет білдірген балалар саны көбейген. Алайда сұраныстың артуы бірқатар мәселелерді де алға шығарып отыр. Соның ішінде спорттық нысандардағы орын тапшылығы ерекше байқалады. Мамандардың айтуынша, қазір теннис үйірмелеріне жазылу үшін 500-ден астам бала кезекте тұр.