Бүгінгі оқушылар - алдағы цифрлы дәуірдің балалары. Ал, оларды оқыту үшін білім беру жүйесіне жаңа көзқарас қажет. Осы мақсатта атыраулық педагогтар кәсіби біліктілігін арттырып жатыр. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 700-ден астам ұстаз Atyrau Teachers’ саммитінде бас қосып, бала санасына білім сіңірудің жаңа заманауи әдіс-тәсілдерін талқылауға кірісті.