Мектептегі қауіпсіздік мәселесі соңғы кезде күн тәртібіннен түспей келетін тақырыптардың бірі. Бұған бірнеше ай бұрын Құлсары қаласы мен «Бином» мектебінде болған жағдайлар себеп болғанға ұқсайды. Осы мәселеге байланысты өңірде ауқымды жиын өтіп, оған облыс әкімі Серік Шәпкенов, полиция департаментінің басшылары және білім беру ұйымдарының жетекшілері қатысты.