«Таза жағалау» сенбілігіне жүздеген белсенді азамат қатысты. Экологиялық акцияның негізгі алаңы ретінде Атырау ықшамауданындағы Жайық өзенінің жағалауы белгіленген. Шараға облыс әкімі Серік Шәпкенов, қала тұрғындары, мемлекеттік органдардың өкілдері мен 50-ден астам кәсіпорын мен ұйым қызметкерлері атсалысты.