22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні, әз-Наурыз мерекесін Қызылқоға жұртшылығы да ерекше сән-салтанатпен, кең көлемде атап өтті. Аудан орталығында өткен жылы пайдалануға берілген жаңа саябақта «Наурыз - жаңару мен бірліктің мерекесі» атты ауқымды мерекелік шара ұйымдастырылды.