Соңғы жылдары Ақжайық мемлекеттік табиғи резерватының аумағында өрт ошағы жиі тіркелетінін жақсы білесіздер. Осыған сай, резерват техникалық әлеуетін күшейтіп жатыр. Атап айтқанда, тілсіз жауды ерте анықтауға арналған аумақта үш өртті бақылау мұнарасы жұмыс істейді. Сонымен қатар, қорықтағы күзет қызметі де цифрлы жүйеге көшкен.